ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК КЕҢІСТІГІ: ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» атты XХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫНА қатысты баяндама
![](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2024/02/387085699_722325679997670_8202028125169601555_n.jpg)
2023 жылдың 6 қазаны күні Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінде өткен «ОРТАЛЫҚ АЗИЯНЫҢ ӨРКЕНИЕТТІК КЕҢІСТІГІ: ТАРИХИ САБАҚТАСТЫҚ ЖӘНЕ ҚҰНДЫЛЫҚТАР» атты XХ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЕУРАЗИЯ ҒЫЛЫМИ ФОРУМЫНА қатысып, баяндама жасады.
Форум жұмысы Қазақстан Республикасының Президенті Қ.К. Тоқаевтың 2023 жылғы 1 қыркүйектегі «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты Қазақстан халқына Жолдауын және «Әділетті Қазақстан – Адал азамат» атты екінші Ұлттық құрылтай ұстанымын жүзеге асыруға бағытталған. Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті іргесінде 2013 жылы қайта ашылған Тарих факультетінің 10 жылдығына орайластырылып отыр.
Форум мақсаты – Орталық Азия халықтары тарихының сабақтастығын қарастырып, ғылыми ұстанымдарын талдау, мәдени құндылықтарын зерделеу және тәжірибе алмасу.
ХХ халықаралық Еуразия ғылыми форумы Орталық Азияның тарих ғылымы: жаңа ұстанымдар мен дереккөздер, Дала ойшылдары: ежелгі дәуірден қазіргі заманға дейін, Жошы Ұлысы тарихының мәселелері: тарихи жады және мәдени мұрагерлік, «Қазақстан тарихы»: көп томдық жаңа академиялық басылым, Шетел тарихшыларының еңбектеріндегі қазақ тарихы деген тақырыптар аясында өрбіп, Италия, Белоруссия, Ресей, Өзбекстан және басқа да шетелдік тарихшылар мен отандық ғалымдар түрлі тақырыптарда баяндамалар жасады.
![](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2024/02/385074523_722378329992405_1266295946335533476_n-300x225.jpg)
![](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2024/02/386656722_722325769997661_447302538934959617_n-300x225.jpg)
![](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2024/02/386709857_722325693331002_7988516520438719367_n-300x214.jpg)
![](https://www.ulttykarhiv.kz/wp-content/uploads/2024/02/386081827_722325689997669_4587835357303105166_n-300x214.jpg)