Ұлттық архивте AMANAT партиясы Әйелдер қанатының мүшелерімен кездесу өтті

2026 жылғы 9 сәуірде Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві ғимаратында AMANAT партиясы Есіл аудандық филиалы Әйелдер қанатының мүшелерімен кездесу өтті.
Шара барысында Есіл ауданының белсенді әйелдері бас қосып, Қазақстанның жаңа Конституциясына қатысты өзекті мәселелерді талқылады. Кездесу аясында қатысушылар Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві қызметімен танысып, архив қорларында сақталған тарихи құжаттар туралы мағлұмат алды.
Экскурсияны Әйелдер қанатының төрағасы әрі Ұлттық архив директоры Сағила Нұрланова жүргізіп, қонақтарға архивтің қызметі, құжаттарды сақтау және зерттеу жұмыстары жөнінде кеңінен ақпарат берді.
Аталған кездесу Қазақстан Республикасының Ұлттық архиві құрылғанына 20 жыл толуына орай ұйымдастырылып, AMANAT партиясы Есіл аудандық филиалының қолдауымен өткізілді.


