• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • ENG
  • ҚАЗ
  • РУС
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Blog
  • Жаңалықтар
  • «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесері

«Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесері

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар Жаңалықтар
  • Күні 08.12.2020
2  750

2020 жылдың 8 желтоқсан күні Мәдениет және спорт министрлігінің Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институты бірлесіп, «Қазақстан халқы» интерактивті ғылыми тарихи картасының тұсаукесерін өткізді.

Іс-шараға Қазақстан Республикасы Ұлттық архиві мен Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығының қызметкерлері қатысты.

2017 жылғы Ассамблеяның жалпы сессиясында Елбасы Н. Назарбаев Қазақстанның интерактивті картасын жасап шығаруды тапсырған болатын. Аталмыш картаның мақсаты – қазіргі Қазақстан территориясында ежелден өмір сүрген көшпенді тайпалардың тарихымен таныстырып, сталиндік репрессиялар кезінде басқа ұлт өкілдерінің Қазақстанға күштеп қоныс аударылуын, осылайша елімізде полиэтникалық, поликонфессионалды қоғамның қалыптасып, бүгінге дейін тату-тәтті өмір сүріп келе жатқандығын тарихи деректер арқылы көрсету. Жоба 16 интерактивті картадан тұрады, сонымен қатар, онда қазір елімізді мекен ететін 50 шақты ұлт өкілдерінің тарихы, салт-дәстүрі, тұрмыс-тіршілігі туралы мәліметтер топтастырылған.

Іс-шараның модераторы, Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова интерактивті картаның маңыздылығына тоқталды.

– Бүгінде Қазақстан 130-дан астам этнос өкілдері мен 18 түрлі дін ұстанушылардың ортақ Отанына айналған. Бұл халықтың барлығы бір шаңырақ астында тату-тәтті өмір сүруде. Осындай ешбір елде жоқ ынтымақ пен берекенің болмысын болашақ ұрпақтың санасына сіңіру мақсатында, Елбасы Н. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын жүзеге асыру аясында «Қазақстан халқы» атты интерактивті ғылыми-тарихи картаның жасалып шыққаны құптарлық іс. Картада ежелгі дәуірлерден бастап, сталиндік репрессиялар кезінде күштеп жер аударылған халықтардың тарихын қамтыған өте танымдық, қызғылықты материалдар оқырманға асқан шеберлікпен және ұғынықты форматта берілген, – деп атап өтті С. Есімсейітқызы.

Оның айтуынша, интерактивті картаны құнды деректермен толықтыруда Ұлттық архив қорының құжаттары маңызды рөл атқарады. Сондықтан болашақта Тарих және этнология институты мен Ұлттық архив аталмыш жобаны одан ары дамыту жолында бірлесе жұмыс атқаратын болады.
Сондай-ақ Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының директоры, тарих ғылымдарының докторы, профессор Зиябек Қабылдинов іс-шараға онлайн түрде қатысып, интерактивті картаның негізгі міндеті мен мақсатын атап көрсетті.

– Соңғы кездерде Қазақстанның солтүстік өңірлері ешқашан қазақтың жері болмаған деген пікірлер айтылып жүр. Сондықтан біз осы интерактивті картада қазақ халқы ықылым замандардан бері осы жердің иесі екенін дәлелдеуді және басқа ұлт өкілдері әр түрлі жағдаймен, саяси эксперименттердің кесірінен Қазақстан жеріне қоныс аударылғандығын көрсетуді мақсат еттік, – деді З. Ермұханұлы.

Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының жетекші ғылыми қызметкері, тарих ғылымдарының кандидаты, профессор Алтын Уалтаева архив ұжымына интерактивті картаны таныстыра келе, жобаның барлық техникалық артықшылықтарын атап өтті.

– Бұл интерактивті карта қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде барлық пайдаланушыларға қолжетімді. Оны әлемнің кез келген нүктесінде отырып, компьютерде болсын, смартфонда болсын, ашып қарай беруге болады. Әр картаға түрлі кезеңдер бойынша нақты деректер мен статистикалық мәліметтер енгізілген. Карта оқушылар мен студенттерге, ғылыми қызметкерлер мен жалпы оқырман қауымға бірдей қызықты болады, – деді ғалым.

 

Сондай-ақ, іс-шараға қатысқан Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Қолжазбалар және сирек кітаптар ұлттық орталығы директорының орынбасары Қайыржан Күзембаев пен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университеті, Еуразиялық зерттеулер кафедрасының меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Задаш Дүкенбаева сынды ғалымдар да карта туралы өз ой-пікірлерімен бөлісіп, ғалымдар мен архив қызметкерлеріне сәттілік тіледі.

 

ulttykarhiv.kz

author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Архивтегі кездесу
08.12.2020

Next post

Пандемия жағдайындағы архивтердің жұмыс тәсілі
11.12.2020

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

IMG_1739
Архив мерейтойына арналған шығармашылық байқаулардың қорытындысы
21 Сәуір, 2026
IGO_8926
Ұлттық архивте цифрлық технологияларға арналған оқу семинары өтті
17 Сәуір, 2026
IMG_0387
Ұлттық архивте «Архив құжаттары – ұлттық мұраның алтын қоры» тақырыбында семинар өтті
15 Сәуір, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Архив мерейтойына арналған шығармашылық байқаулардың қорытындысы
  • Ұлттық архивте цифрлық технологияларға арналған оқу семинары өтті
  • Ұлттық архивте «Архив құжаттары – ұлттық мұраның алтын қоры» тақырыбында семинар өтті
  • Ғылым күніне орай Ұлттық архивте Ғылыми кеңестің кезекті отырысы өтті
  • Ұлттық архивте AMANAT партиясы Әйелдер қанатының мүшелерімен кездесу өтті

Қаралым

  • Басты бет - 163  364 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 26  286 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 18  658 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 16  038 Просмотры
  • Басшылық - 12  974 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  478 Просмотры
  • Архив тарихы - 12  129 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  986 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  253 Просмотры
  • Бөлімдер - 8  212 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика