• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

Жаңалықтар

  • Басты бет
  • Blog
  • Жаңалықтар
  • Ұлттық архивте «Ақселеудің асыл мұрасы» жинағының тұсаукесері өтті

Ұлттық архивте «Ақселеудің асыл мұрасы» жинағының тұсаукесері өтті

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар Жаңалықтар
  • Күні 27.08.2021
2  268

2021 жылдың 27 тамызында Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде Ақселеу Сейдімбектің жеке тектік қорындағы архив материалдарына сүйене отырып құрастырылған «Ақселеудің асыл мұрасы» атты құжаттар жинағының тұсаукесері өтті.

Іс-шараға ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің төрағасы Қуат Бораш, жазушы, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты Әлібек Асқаров, ақын, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты  Несіпбек Айтұлы, Халықаралық Түркі академиясының президенті, «Егемен Қазақстан» республикалық газеті» акционерлік қоғамының Басқарма төрағасы Дархан Қыдырәлі, Мемлекет қайраткері, құжаттанушы Мирболат Жақыпов, Л.Н. Гумилев атындағы ЕҰУ-нің профессоры Задаш Дүкенбаева және Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің Ғылыми кеңесінің мүшелері мен архив қызметкерлері қатысты.

Архив қорларындағы асыл мұраларды, ұлт үшін маңызы бар құнды құжаттарды жинақтап, жариялау – архив мекемелері жұмысының негізгі бағыттарының бірі. Бүгінде қорда мемлекеттік маңызы бар құжаттармен қоса, елімізге танымал тұлғалардың өмірі мен шығармашылығынан хабар беретін тың дүниелер сақталған. Қазақтың көрнекті қаламгері Ақселеу Сейдімбектің ұрпаққа аманаттаған құнды жазбалары негізінде жеке құжаттар жинағы әзірленді. Жинақта қор иесінің (көзі тірісінде) өз қолымен әкеліп тапсырған қолжазбаларының түпнұсқасы, сирек кездесетін жеке құжаттары топтастырылған.

– Ақселеу әлемі – бұл бүкіл қазақ әлемі. Мұндай тұлға сирек туады. Ақселеудің бүкіл өмірі, бүкіл жан-дүниесі арман мүддесі ұлтқа қызмет етумен өткен. Ақселеу Сейдімбек қазақ әдебиеті мен өнерін, мәдениеті мен руханиятын дамытуға өлшеусіз үлес қосып, төл тарихымызға жарқын қолтаңбасын қалдырған жан, – деп атап өтті ҚР Ұлттық архивінің директоры Сағила Нұрланова.

Оның айтуынша, А.Сейдімбектің жеке тұлғалық дара жолын ашуға көмегі тиетін бірден бір дерек болса, ол архивте сақталған құжаттары екені даусыз. Жазушыны әр қырынан тану үшін, архивтегі материалдарына ден қойып, жан-жақты зерттеуге тура келеді.

 

Шара барысында А. Сейдімбекпен үзеңгілес болған, бірге қызмет атқарған қаламдас достары Н. Айтұлы мен Ә. Асқаров естеліктерімен бөлісіп, қаламгердің өміріндегі қызықты оқиғаларды тілге тиек етті.

Сонымен қатар, Х Халықаралық «Шабыт» фестивалінің Гран-при жүлдегері Досым Мақсұтов Ақселеудің жеке қорынан табылған, нотаға түсірілген күйлерді орындап, жас ақын Ғабиден Қуанышбайұлы қаламгерге арнаған өлеңін оқып беріп, рухани кештің сәнін келтірді.

 

 

Шара соңында Ұлттық архив директоры С. Нұрланова Ақселеу Сланұлын қазіргі ұрпақтың рухани әкесіне теңеп, әке туралы әнді дамбырамен нақышына келтіре орындап берді.

 

 

Ақселеу Сейдімбектің жеке құжаттары Қазақстан Республикасының Ұлттық архивіне 2009 жылдың қыркүйек айында қабылданған.

«Ақселеудің асыл мұрасы» атты жинақ құжаттар мағынасына сәйкес алты бөлімнен тұрады.

Әр бөлімдегі құжаттар қаламгердің маңызды еңбектерінің мазмұнын аша түседі.

Бұл жинақтың бірінші бөлімінде «Жеке құжаттары» жинақталған. Оған А.Сейдімбектің өмірбаяндық құжаттары, құттықтаулар, марапаттау құжаттары, мінездемелері, фотосуреттері, монографиялық еңбектері, көркем шығармалары мен кітаптары енгізілді.

Екінші бөлімде: «Хаттары». Архивтегі құжаттық қордың біршама бөлігін қор иесінің жазған хаттары құрайды. Онда 1961-2009 жылдар аралығында жазылған 700-ге жуық хаттары жинақталған. Бұл хаттың барлығын түгелдей жинаққа енгізу мүмкін емес. Сол себепті Ә. Марғұланға, Ш.Мұртазаға, М.Мағауинге, Т.Сағитовке, И.Тасмағамбетовке, т.б. белгілі әдебиет және қоғам қайраткерлеріне, қаламдас достарына жазылған хаттары ғана іріктеліп алынды. Шынайы сағынышпен әрі қызмет барысындағы мәселелермен жазылған хаттары сөз саптау шеберлігімен, ерекше мазмұнымен қызықтырады.

Үшінші бөлім: «Этнографиялық жазбалар» (немесе «Этнографтың қойын дәптерінен»). А.Сейдімбек Қазақстанда этнографиялық ізденістердің жандануына ықпал еткен жазушылардың бірі. Қолжазбалар «Салт-дәстүр көріністері», «Ұғым», «Түсінік», «Ырым», «Ас қамы – адам қамы», «Қазақтың ұлттық ойындарына қатысты», «Төрт түлік», «Табиғат – ана» деп жинаққа жазушының өзі топтап, жіктегені бойынша енгізілген.

Төртінші бөлім: «Замандастар туралы ой толғаулар». Бұл бөлімде жазушының қазақ халқына белгілі зиялы қауым өкілдері атақты ғалым Қ.Сәтбаев, Ә.Марғұлан, Ш.Уәлихановтай тұлғалар туралы толғаулары, сонымен қатар басқа да қаламдас достарына жазған естеліктері, Қазақстан Компартиясы Орталық Комитетінің бірінші секретары Д.А.Қонаевқа қолөнерші-шебер Дәркембай Шоқпарұлының үй-жайының жоқтығын, шәкірт дайындайтын шеберханамен де қамтамасыз етіп, қамқорлық жасауына көмек сұрап, Ғ.Мүсіреп бастаған белгілі тұлғалар бірігіп жазған хаты да бар.

Бесінші бөлімде «Мақалалары»: Профессор Ақселеу Сланұлының құжаттық мұрасының басты бөлігін баспасөз беттерінде жарық көрген мақалаларының, кітаптарының, повесть, очерк, әңгімелерінің қолжазбалары және еңбектерінің өз қолымен түзетілген машинкалық нұсқалары құрайды. 1959-1969 жылдар аралығында газет-журнал беттерінде жарияланған әртүрлі тақырыптағы мақалалары іріктеліп алынды.

Ал, алтыншы «Естеліктер» бөлімінде замандастары мен көз көрген достарының А.Сейдімбек туралы сағынышпен жазған естеліктері берілді.

Жинақтың соңғы «Фотосуреттер» бөлімін жазушының әртүрлі фотосуреттері құрайды.

Ақселеу Сейдімбектің өмірі мен шығармашылығын, барлық зерттеулерін бір жинақпен қамту мүмкін емес. Жазушының ең маңызды деген құжаттары мен қолжазбаларынан ғана жинақталған шағын дүние екенін айтып өткен жөн. Алдағы уақытта А.Сейдімбек еңбектеріне қызығушылық танытатын әлі де талай ұрпағымыз осы Ұлттық архивтің жеке қорынан жазушының баға жетпес байлығын іздеп табары сөзсіз.

Қазақстан Республикасының Ұлттық архивінде сақталатын Ақселеу Сейдімбектің жеке тектік қорындағы архив материалдарына сүйене отырып құрастырылған бұл жинақ тұлғаның алдағы уақытта аталып өтетін 80-жылдық мерейтойына арналады.

author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Ғылыми кеңестің екінші отырысы
27.08.2021

Next post

29 тамыз – Халықаралық ядролық қарудан бас тарту күні
29.08.2021

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 153  954 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 24  580 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 17  984 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  458 Просмотры
  • Руководство - 12  349 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  082 Просмотры
  • История Архива - 11  495 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  641 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  171 Просмотры
  • Бөлімдер - 7  936 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика