• Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер
  • KZ
  • RU
  • EN
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архивіҚазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві
  • Архив
    • Архив туралы
      • Архив тарихы
      • Басшылық
      • Бөлімдер
      • Кеңестер мен комиссиялар
    • Ынтымақтастық
    • Ғылыми кеңес
    • Әдістемелік кеңес
    • ⁠Ғылыми бағыт
    • Халықаралық қатынас
    • Біліктілікті арттыру орталығы
    • Мемлекеттік сатып алулар
    • Комплаенс қызметі
    • Вакансиялар
  • Жаңалықтар
  • Қорлар
    • Қорлар сипаттамасы
    • Архив-2025
  • Қызмет түрлері
    • Жинақтау көздері – ұйымдармен жұмыс
      • Жинақтау көздері – ұйымдар мен мекемелер тізімі
    • Жеке және заңды тұлғалармен жұмыс
      • Оқу залы
        • Оқу залында жұмыс істеу ережелері
        • Оқу залының жұмыс тәртібі
      • Мемлекеттік қызмет көрсету
    • Көрмелер
    • Жарияланымдар
      • «Қазақстан архивтері» журналы
      • Қазақстан Республикасы Ұлттық архивінің басылымдары
    • Байланыс
    • Сұрақ қою
    • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі
    • Азаматтарды қабылдау
  • Нормативтер
  • Ақылы қызметтер

БАҚ

  • Басты бет
  • Blog
  • БАҚ
  • Әл-Идриси картасы

Әл-Идриси картасы

  • Автор ҚР Ұлттық архив
  • Айдар БАҚ, Жаңалықтар
  • Күні 30.09.2022
708

Жақында Мәдениет және спорт министрлігі Архив істері және құжаттаманы басқару комитетінің ұйымдастыруымен елорда төріндегі Ұлттық архив мекемесінде «Архив және болашақ ұрпақ» атты ашық есік шарасы ұйымдастырылып, көпшілік көмбеде жатқан жәдігерлермен таныс­ты. Мәдени жиынға келген қауым экспозицияға қойылған заттық және құжаттық жәдігерлер арасынан атақты ғалым-саяхатшы әл-Идрисидің картасын тамашалай алды.

Бұл картаны архив қорына танымал шығыстанушы һәм арабтанушы, тарих ғылымдарының докторы, ҰҒА академигі, профессор Болат Көмеков тапсырған екен. Карта авторы – әл-Идриси 1100 жылдар шамасында қа­зіргі Ма­рокко (ежелгі Мағрыб) же­рін­де туған екен. Толық аты-жөні – Әбу Абдаллаһ Мұхаммед әл-Идриси. Тек-тұқым жағынан VII ғасырда билік жүргізген Идрис (Ыдырыс) әулетінің ұрпағы. Бұл әулеттің негізін қалаған іргелі араб тайпасы көсемдерінің бірі – Идрис ибн Абдаллах. Бұл тайпа 780-ші жылдары Хижазды (Араб түбегі) билеп тұрған Аббас әуле­ті­нің қуғындауына ұшырып, бас сау­ғалап келіп Мағрыбтың солтүстік-батыс бөлігіне табан тіреген. Онымен қоймай жеке патшалық құрып, билік жүргізген. Идрисилер билігі 974 жылы Испания жерінде күшейген Кор­дова мұсылман халифаты тарапынан жойылған.

Ол кезде Кордова қаласы гүлденген ілім-білім ошағына айналған. Тіпті мұнда 1 млн-дай халық тұрған. Бай әулеттен шыққан Мұхаммед әл-Ид­ри­си әуелі Кордовада білім алған. Кейін ортағасырлық Еуропаны, соның ішінде Франция мен Англия жерін аралап шыққан. 1116 жылдары Кіші Азия жеріндегі Анадолыға ат басын бұрған. 1138 жылы қазіргі Италия аумағында қоныс тепкен Палермоға келіп, Сицилия королі ІІ Роджердің, кейін І Вильгельмнің сарайында тұрып, дүние жүзін шарлап құрлық және теңіз арқылы сауда жасайтын саудагерлер мен әлемді кезген саяхатшыларға жолығып, олардан Жер шарының бедері, оның тарихи-географиялық орналасуы жайлы ұзақ жыл ақпар жинаған.

Нәтижесінде, 1154 жылы мұндағы өздеріңіз көріп отырған «Сурат әл-ард» («Жер бейнесі») атты атласын жасап шығарған. Карта ежелгі Птоломей (грек) дәстүрі бойынша әлемді жеті қатқа, климатты он бөлікке бөліп құрастырған. Жалпы алғанда карта 70 бөліктен тұрады. Автор «Нузхат аль-муштак» атты жағрафиялық туын­дысында карта бетіндегі барлық бел­гіге сипаттама берген.

Кейбір дерек көздері бұл карта Сицилия королі ІІ Роджердің өтініші бойынша жасалған дейді. Қалайда бұл құжат қазіргі таңда аса құнды жәдігер қатарына жатады. Зерттеушілердің пайымдауынша, картаға тарихи-геог­рафиялық 2 500 атау енгізіліп, 7 000 атауға қосымша түсінік берілген. Кар­тада ХІ-ХІІ ғасырларда жеке-жеке ұлыс құрған бабаларымыз: қарлұқ, оғыз, қимақ, тоғыз оғыз, т.б. тайпалары мен түрлі халықтардың орналасуы жөнінде аса құнды деректер бар. Сонымен қатар Еуропа елдері, Жерорта теңізі, Африка (Мағрыб алқабы, Ніл дариясы), Араб түбегі, Таяу Шығыс және Үндістан жерінің картографиялық бедері анық түсірілген.

«Бұл әлемнің ең көне және ең дәл картасы. Еңбек VIII-XI ғасырлар жылнамасын қамтиды. Еуропа мен Азия қартадан анық көрінеді. Бірақ Африканың солтүстік бөлігі ғана қам­тылған. Әсіресе, бұл еңбекте қып­шақтар жөнінде толық мәлімет бе­рілген. Орталық Азиядағы Әмудария мен Сырдарияны сағалай қоныстанған қалалар, Қап тауын жайлап жатқан Әзербайжан, Арран, ас-Сарир өлкесі, солтүстік шеттегі Русь пен Бұлғар, Печенегтер мекені, Қара теңіз жаға­лауындағы Ақ құмандар мен Қара құмандардың орналасуы нақты бейнеленген. Біз сөзбен айтқанда, бұл жәдігер әлемдік картографияның шыр­қау шыңы болып табылады. Картаның кейбір сыры ашылмаған тұстары әлі де баршылық», дейді үлкен ғалым ағамыз Болат Ешмұхамедұлы.

Ал қазіргі Қазақстан территориясына қатысты картада не бар? Бұл сұраққа келер болсақ, құжат жайлы жазылған архивтегі ғылыми анықтамалықта: «Қазақстан аумағына жататын Каспий мен Арал теңізі, Балқаш көлі, Алакөл ойпаты, оның сыртында, Еділ, Орал, Ертіс өзендерінің географиялық бедері түсірілген. Осында сызылған тау жүйе­лерінен – қазіргі Жоңғар Алатауы, Тарбағатай жоталары, Мұғалжар, Орал таулары аңғарылып тұр», деп жа­зылған екен.

Соңғы тұжырым: «Бұл карта қайдан алынды?» дегенге келсек, ғалымның айтуы бойынша, 1966-1969 жылдары КСРО Ғылым академиясының Шығыстану институтының Ленинград қаласындағы бөлімшесінде қызмет жасай жүріп, осында аспирантурада оқыған екен. – 1968 жылы болатын, – дейді Болат аға. – Ленинградтағы Шығыстану институтының бө­лім­шесіне Бағдаттан бірнеше ғалым келді. Оларға аудармашы болу мін­деті маған жүктелді. Өйткені 1961 жылы 20 жа­сымда Ташкенттегі Ор­талық Азия уни­вер­сите­тінде оқып жүріп Ирак елінің астанасы Бағдат қаласындағы Мемлекеттік университетте араб тілі мен әдебиеті бо­йынша бір жылдық білім жетілдіру тағылымдамасынан өткен тәжірибем бар еді. Қонақтар менің ғылыми жетекшім, үлкен түрколог, Ленинград Мемлекеттік университеті түркі филологиясы кафедрасының оқытушысы Сергей Кляшторный қатарлы шығыс­танушы мамандармен кездесті. Кел­ген мақсаттары Бағдат қаласының мем­лекеттік архивінде сақталған әл-Идрисиге қатысты тың құжаттарды әкеліп, біздің университет қорында сақталған басқа құжаттармен алмастыру екен. Екіжақты жұмыс ойдағыдай атқарылды. Осы кездесу кезінде иран­дық меймандарды сол елдің КСРО-да отырған консу­лы алып жүрді. Бұл жігіт те әл-Идрисиге қатысты дерек жинайды екен. Менің Бағдатта тәлім алғаным бар, екеуміз жақын таныстық. Бірде ол маған Бағдатта әл-Идриси картасының тұп­нұс­қасы барын айтты. Ол заманда бұл жәдігердің түпнұсқасын табу өте қиын еді. Өйткені әлем бойынша жүз дана бар ма, жоқ па… Содан елші азаматқа қолқа салдым: «Құлың бо­ла­йын қарағым, сол картаны маған әке­ліп берші» деп. Ол уәдесінде тұрып әкеліп беріпті. Міне, осылай әлемге әйгілі әл-Идриси картасы ағамыздың қолына түскен екен.

Сөйтіп құнды картаны ленин­градтық үлкен ғалымдар жапа-тар­ма­ғай қарап шығады. «Жақсылық жерде жатпайды» дегендей, бұл жа­­ңалық әзербайжан бауырлардың құлағына тиген екен олар: «Болат бауыр, сен мына картаны бізге бер, ақысына су жаңа «Волга» мін­гізейік» деп көл­денең түсіп жатып алыпты. Бұл бопсаға Болат аға көн­беген екен.

Содан бұл жәдігер сандықта жата бермей, ел игілігіне жарасын деген ниет­пен Болат аға 2007 жылы қо­лын­дағы картаның көшірме нұсқасын Ұлттық архивке тапсырыпты.

Бекен ҚАЙРАТҰЛЫ

 egemen.kz

author avatar
ҚР Ұлттық архив

Previous post

Біліктілікті арттыру семинары
30.09.2022

Next post

«Архив – ел тарихының қазынасы» республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті
04.11.2022

СІЗГЕ ҰНАУЫ МҮМКІН

1200_0_9P7NTipCZ2QfjVCqTxRfhXsSqUK3X7zhxVFGrsN9
Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
26 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-26 at 09.11.30
Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
25 Ақпан, 2026
WhatsApp Image 2026-02-19 at 16.47.44
Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
19 Ақпан, 2026

Іздеу

Соңғы жазбалар

  • Қаламгерлердің архивтегі мұрасы қалай сақталады?
  • Ұлттық архивте маңызды кездесу өтті
  • Ұлттық архивте жұмыс кеңесі өтті
  • Аида Балаева мәдениет және ақпарат салаларын жаңғыртудың басым бағыттарын белгіледі
  • Ұлттық архивте Шерхан Мұртазаның шығармашылық мұрасына арналған дөңгелек үстел өтті

Қаралым

  • Басты бет - 153  954 Просмотры
  • Қорлар сипаттамасы - 24  580 Просмотры
  • Рухани келісім күні - 17  984 Просмотры
  • Мерейтойлар және атаулы күндер күнтізбесі - 15  458 Просмотры
  • Руководство - 12  349 Просмотры
  • АҚЫЛЫ ҚЫЗМЕТТЕР - 12  082 Просмотры
  • История Архива - 11  495 Просмотры
  • Оқу залында жұмыс істеу ережелері - 8  641 Просмотры
  • Қазақстан Республикасының #154 қаулысы - 8  171 Просмотры
  • Бөлімдер - 7  936 Просмотры

logo-eduma-the-best-lms-wordpress-theme

+7 (7172) 44 62 78

info@kazarhiv.kz

Посмотреть на карте Астаны

Фотографии компании
Найти проезд до Национальный архив РК, Министерство культуры и спорта РК

Деректемелер:

Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің координаттары:
010000, Астана қаласы.
«Нұржол» желекжолы, 12
тел.факс: 8 (7172) 446280
Қазақстан Республикасы
Ұлттық архивінің жұмыс уақыты:
дүйсенбі-жұма - сағ. 09.00-18.00,
үзіліс - сағ. 13.00-14.00
сенбі, жексенбі - демалыс күндер.

© 2026 Қазақстан Респубикасының Ұлттық архиві

Яндекс.Метрика