ҚР Ұлттық архивінің жеке қор иесі, Халық жазушысы, ақын Фариза Оңғарсынованың туғанына — 85 жыл

Қазақтың халық ақыны, Қазақстан мемлекеттік сыйлығының лауреаты, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынова 1939 жылы 25 желтоқсанда қазіргі Атырау облысындағы Новобогат ауданына қарасты Манаш ауылында дүниеге келген.
Фариза Оңғарсынова 1961 жылы Гурьев (Атырау) мемлекеттік педагогикалық институтының филология факультетін қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша тәмамдап шығады.
Еңбек жолын қарапайым ауыл мектебінде ұстаздық етуден бастаған ақын 1968-1970 жылдары «Лениншіл жас» газетінің редакциясында Гурьев, Ақтөбе және Орал өңірлерінің меншікті тілшісі ретінде жұмыс істеді.
Ф.Оңғарсынова – көркемсөз майданында ақын мен жазушыға тән ерлік, батылдық, адалдық, ұлтжандылық, намысқойлық және адамгершілік секілді қасиеттердің биігінен көрінген ақын.
Бүгінде ҚР Ұлттық архивінде поэзия падишасы Фариза Оңғарсынованың өмір деректерінен сыр шертер 1971-2013 жылдар аралығындағы құнды құжаттары сақталған.